381,10 419,30 5,69

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ресейліктер де қазақ-қырғыз шекарасы арқылы контрабандалық өнімнің өткізілмеуін қалайды

  • 587

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы бақылаудың күшейтілуі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің экономикалық қауіпсіздігінің талабына жатады.

Ресейліктер де қазақ-қырғыз шекарасы арқылы контрабандалық өнімнің өткізілмеуін қалайды. Кедендегі жіті тексеріс Қытайдан заңсыз тасымалданатын тауарлардың жолын кеспек. Сонымен қатар қатаң бақылау ветеринарлық және фитосанитарлық нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді. Мұндай пікірді Еуразиялық кәсіпкерлер мен қоғамдық ұйымдардың экономикалық ынтымақтастығы ассоциациясының президенті Игорь Филькевич білдірді. Сарапшының пікірінше, қырғыз тарабы қолғабыс қылса, экономикалық мәселе дер кезінде оң шешімін табады.

Игорь Филькевич, экономист:

Әр мемлекет ішкі мәселесін шешуде өзгеге қояр талап пен шартты тек өзі белгілейді. Қазақстан фитосанитарлық нормаларды сақтау бойынша нақты шарттарын қоюға толық құқылы. Есесіне бұл тек бір елдің емес, одақтас көрші елдердің мүддесіне де жатады. Еуразиялық экономикалық комиссия шеңберінде бұл сұрақ жан-жақты талқыланып, Қырғызстан шекара арқылы өнім өткізу заңдылығының сақталуын қамтамасыз етіп, тиімді нәтижеге қол жеткізуі тиіс. Талапты күшейту арқылы елдер алдағы уақытта екіжақты сенімді әрі тұрақты тасымалдау жүйесін қалыптастыра алады.

Хабар 24 телеарнасы