383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында жанармай бағасы тұрақты

  • 360
  • UPD: 11:44, 18.10.2017

Ертіс өңірінде жанар-жағармай нарығы тұрақты.

Павлодар облысындағы барлық май құю бекеті жұмыс істеп тұр.

Олар өніммен толық қамтамасыз етілген. Аймақта АИ-92 маркалы бензиннің орташа бағасы 157 мен 159 теңге болып тұр. Дегенмен Омбы мұнай өңдеу зауытының өнімі қымбатырақ бағада сатылып жатыр. Мәселен, өңірдегі май құю бекеттерінің бірі сұйық отынды тұрақты түрде Ресейден жеткізеді. Компания өкілдері өнім көлемін арттыруға негіз жоқ екенін айтады.

Виталий Чашкин, компания өкілі: 

- Бүгінгі таңда біздің компания желісіндегі 72 бекетте жанар-жағармайдың барлық түрі ешбір шектеусіз өткізіліп жатыр. Ешқандай талон, мөлшерлеме жоқ. Өніммен Омбы мұнай өңдеу зауыты қамтамасыз етеді. Жанар-жағармайды жеткізуде қиындық жоқ. Бұрын қалай сатылды, қазір де солай сатылып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы