376,72 406,00 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өскемендегі «Туған жер» форумында «Менің мектебім» жобасы қолға алынды

  • 2066

Өскеменде өтіп жатқан «Туған жер» форумы өңірдің дамуына серпін береді.

Кәсіпкерлердің бұл тұрғыдағы жоспары ауқымды. Шағын және орта бизнес өкілдерінен бастап, ірі кәсіпорын жетекшілеріне дейін қыруар қаржысын осы мақсатқа жұмсамақ.

«Туған жер» форумы расымен де ауқымды шара. Кәсіпкерлер, демеушілер әлеуметтік саланың дамуы үшін барын салатынын дәлелдеді. Нәтижесі де айқын.

Кәсіпкерліктің кемел келешек кепілі екенін бүгінгі шара айғақтады. Форумға қатысқан кәсіпкерлердің қолдауымен өңірдің әлеуметтік ахуалы түлеп келеді. Меже мұнымен шектелмейді де. Ұйымдастырылған арнайы аукцион соны айғақтады. Осылайша жоспардағы 21,5 млрд теңге тағы 2 млрд-пен толықты. Өңір басшылығының бастамасымен «Менің мектебім» жобасы қолға алынып, облыстағы 277 мектеп заманауи жабдықтармен жабдықталатын болды. Әрине, кәсіпкерлердің демеуімен.

Елбасының бастамасымен қолға алынып, облыс басшылығының мұрындық болуымен өткен «Туған жер» форумы шығысқазақстандықтардың есінде көпке дейін қалары сөзсіз. Жоспар орасан, инвесторлар бар, қаражат жеткілікті. Бастысы, туған жерге туын тіккен азаматтардың еңбегі елеулі. Халқы разы. 

Авторы: Мерей Мұратханқызы

Хабар 24 телеарнасы