389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада цифрлық ХҚКО ашылады

  • 833
  • UPD: 20:23, 19.10.2017

Қараша айында елордада цифрлық Халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады.

Бұл туралы бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов мәлім етті. Оның айтуынша, жаңа нысанда азаматтарға электрондық қызметтерді қалай пайдалану қажеттігі үйретіледі. Сол арқылы салаға енгізілген өзгерістердің тиімділігі артуы тиіс. Айта кетейік, электронды қолтаңба кейбір қызметтер үшін алынып тасталды. Мәселен, қазір мекенжай анықтамасын алуға оның қажеті жоқ.

Абылайхан Оспанов, «Азаматтарға арналған үкімет» МК басқарма төрағасы:

- Біз электронды цифрлық қолтаңбаны кейбір қызметтер үшін алып тастап жатырмыз. Мысалы, мекенжай анықтамасын алу үшін аталған қолтаңба енді қажет емес. Бірақ кейбір азаматтар мекенжай анықтамасын алу үшін біздің орталыққа қайтадан келеді. Сол цифрлық ХҚКО-да адамдарға бермей үйретеміз, келмей-ақ, өздері алатын болады. 

Айта кетейік, бүгін елордада «Қазақстанның мемлекеттік қызметті дамыту саласындағы тәжірибесі: инновациялық ұстанымдар, сынақтар мен шешімдер» атты халықаралық конференция ұйымдастырылды. Оның аясында төрт бірдей сессия отырысы өтіп, маңызды пікірлер ортаға салынды. Шетелдік меймандар еліміздегі Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын жоғары бағалады. Мәселен, «Бір терезе» қағидасы кәсіпкерлер үшін ең тиімді жүйе. ТМД-ның кейбір мемлекетінде оның баламасы жоқ. Жалпы елімізде электронды үкімет порталы арқылы 500-ден аса, ал халыққа қызмет көрсету орталықтарында 700-дей қызмет көрсетіледі.

Хабар 24 телеарнасы