Латвиялық журналист EXPO көрмесі туралы пікірін білдірді

Қазақстан жоғары деңгейде өткізген ең ауқымды жоба – Астанадағы EXPO көрмесі.

Бұл пікірді экспозицияны жеке тамашалаған латвиялық журналист Андрей Татарчук білдірді. EXPO әлемнің техника мен технологиядағы жетістіктерін көрсететін кеңістікке айналғандығын да атап өтті.

Андрей Татарчук, журналист:

– Астана EXPO – Қазақстанның ағымдағы жылдағы ең жарқын жобасы. Менің ойымша, келер жылы да Қазақстан тың жобалармен әлемді тамсандырады. Оған арнайы кеңістік іздемейтіні сөзсіз. Себебі  EXPO-да үлкен конференциялар өткізуге арналған кеңселер инфрақұрылымымен дайын тұр. Сондай-ақ маған Қазақстанның стенді өте ұнады. Қорыта келе, бұл мемлекет өзін тек Орталық Азияда ғана емес, әлем бойынша өз міндеттерін орындайтын, өз келбетін қалыптастыра білетін, имиджін әлемге таныта алатын мемлекет екенін көрсете алды.