384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Латвиялық мотосаяхатшылар сапарларының үштен бір бөлігін Қазақстанға арнады

  • 356
  • UPD: 12:10, 20.10.2017

Латвиялық мотосаяхатшылар 66 күнде төрт мемлекетті шарлады.

Олардың жүріп өткен жол көлемі 20 мың шақырымнан асып жығылады. Мақсат Ригадан Магаданға дейінгі жолды темір тұлпармен бағындыру. Мотобайкерлер жол-жөнекей Қазақстаннан өтіп, сапарының үштен бір бөлігін елімізге арнапты.

Шалғайдағы Магаданға мотоциклмен жету ойы латвиялық үш саяхатшыға кенеттен келген. Сапар дайындығына сегіз айын жұмсаған олар бірден 20 мың шақырым жолды бағындыруға бел буады. Сондай-ақ саяхат барысында Ресей, Қазақстан, Қырғызстан және Моңғолия сынды төрт мемлекетті жүріп өткен.

«Ұмытылмас әсерлі әрі жарқын сәттер Қазақстандағы Үстірт шатқалынан қалды», – дейді экспедицияға қатысушылар.

Дидзис Силиниекс, экспедицияға қатысушы:

–Үш күн жүрген жолымыздың барлығында шатқалдарды кездестірдік. Ол өте үлкен әрі әдемі екен. Дегенмен ауа райы өте ыстық болды. Біз тоқтаған жердегі адамдардың барлығы бірнеше күн бұрын 25 градус еді, қазір 45 градусты көрсетіп тұр деді. Біз ондай ыстыққа үйренбегенбіз ғой. Латвияда жаздың өзінде ең жоғарғы температура 20-25 градус. Ал онда бірден 45 гардус. Біз үшін өте қиынға соқты.

Бұл латвиялық байкерлердің жолында кездескен қиындықтардың бірі ғана. Ауа райының қолайсыздығынан бөлек шөл дала, қалың орман, бұралаң тау жолдары, саз-батпақ пен қираған көпірлерден де өткен. Орташа есеппен күніне 500-600 шақырым жерді жүріп өткен саяхатшылардың қонатын жерлері де болмаған.

Оскар Пипикис, экспедицияға қатысушы:

– Шатырда түнеудің ең қызықтысы Қазақстанда болды. Себебі дархан дала, таулы аймақ, жұлдызды аспан. Бір сөзбен айтатын болсақ, табиғаты керемет. Әрине, улы жәндіктер шағып алады ма деген қауіп те бар еді. Дегенмен барлығы жақсы өтті.

Ең ыстық Гоби шөл даласы және әлем бойынша ең терең Байқал өзені. Алтайдың ұмытылмас тау жотасы мен Арал теңізі. Жер шарындағы ең қауіпті саналатын Байқал-Амур магистралі және Витим сібір өзенінің қираған көпірі. Осылайша Рига мен Магадан арасында ұзақ әрі қызыққа толы сапар болған. Бірақ латвиялық байкерлер мұнымен тоқтап қалмаймыз дейді.

 

Авторлары: Марина Петрова, Сергей Самойлов

Хабар 24 телеарнасы