384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Халықтар достығын насихаттайтын «Композитор» фильмі түсіріле бастады

  • 713
  • UPD: 08:18, 21.10.2017

«40-шы жылдары қиындыққа тап болған қытайлық композиторге қазақ азаматының көмектескенін киноға түсіріп, халықтар достығын насихаттаймыз. Фильмнің түсірілімі желтоқсанда аяқталады», дейді қытайлық продюсер Шэнь Цзиян. 

Қазақстан мен Қытайдың бірлескен жобасы «Композитор» туындысы Бақытжан Байқадамов пен Сянь Синхай арасындағы достыққа арналған. 1940 жылы Қытай орталық комитеті сазгер Сянь Синхайды Совет Одағына музыка зерттеуге жібереді.

Алайда соғыс басталып кетіп, композитор еліне қайта алмай, Алматыда қалып қояды. Сырқатқа шалдығып, аштыққа ұрынған қытайлық композиторға Бақытжан Байқадамов пана болып, қол ұшын созады. Қазақстанда кіріспесі түсірілген фильмнің жалғасы қазір Яньан қаласында жалғасып жатыр. Басты рөлді Берік Айтжанов, Алтынай Нөгербек сияқты танымал актерлер сомдайды.

Шэнь Цзиян, «Композитор» фильмінің продюсері:

– Қытайлық басты кейіпкер Сянь Синхайды танымал актер Ху Чжунь сомдайды. Ол композитор отбасында туып-өскендіктен, сазгердің жан дүниесін жақсы түсінеді деп ойлаймын. Қытай xалқы достықты қадірлей біледі. Сондықтан біздің ардагер композиторға қазақ досының көмектесуі xалықтар арасында жылы сезім тудырады, ризашылықпен қарауына сеп болады.

Хабар 24 телеарнасы