389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да жаңа индустриалды аймақ құрылады

  • 591
  • UPD: 22:10, 22.10.2017

Батыс Қазақстан облысында инвесторлардың қатысуымен жаңа индустриалды аймақ құрылады. Жалпы аумағы 300 гектарды қамтитын кешен құны 14 миллиард теңге.

Жобаға қажетті қаржының басым бөлігі өңірдегі ірі қазба байлығын игеруші компаниялар есебінен бөлінеді.

Ал инфрақұрылым тарту жергілікті бюджет есебінен жүргізіледі. Аймақ «Орал» халықаралық әуежайына таяу маңда салынады.

Мұнда негізінен машина жасау кәсіпорындары орналасады. Қазіргі уақытта «Орал» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» еуропалық инвесторлармен келіссөздерді бастап кетті. Индустриалды аймаққа инвестиция құюға Италия, Германия, Сингапур, Түркия және Ресей мемлекеттері мүдделілік танытып отыр. 

Ержан Балтаев, «Орал» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы:

– Одан бөлек салық бойынша өзінің жеңілдіктері бар. Корпоративтік салық бойынша босатылады. Және де жер және мүлік салығы бойынша босату мәселелері қарастырылған. Индустриялдық аймақтың ең жақсы жағы дайын өндірісті бастауға дайын аумақ.  Оған өте үлкен қызығушылық білдіріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы