384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Корея күлді қайта өндеу технологиясымен бөліседі

  • 727
  • UPD: 22:11, 22.10.2017

Оңтүстік Корея қазақ елімен күлді қайта өндеу технологиясымен бөлісуге дайын.

Таңғы самал елі жылу электр стансаларындағы қалдықтарды іске жаратады.

Көмірдің қалдығы күл мен тозаң Оңтүстік Кореяда экологияға зиян келтірмейді. Шаңды бұл ел бетон мен цементке қосады. Ал былтыр күлді қайта өндеу технологиясын ойлап тапқан.

– Күлден біз темір оксидінің жеті пайызын, қайтадан пайдалануға болатын өртенбеген көміртегінің жиырма үш пайызын және силикалиттің жетпіс пайызын аламыз.

Осы технологияны іске асыру үшін ғалымдар төрт жыл бойы тер төгіп, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Тағы бір жыл жабдықты орнатуға қажет болды. Зауыт тек былтыр ғана іске қосылды.

Көмірдің күлін қайта өндеу үшін сағатына тоғыз тонна су қажет. Сүзгілеуден кейін өртенбеген көміртегі шығады. Ал магнитті екшегіш темір оксиді мен силикалитті бөліп алуға мүмкіндік береді. Силикалиттен жасалатын талшық кеме жасау, құбырларды жылумен қаптау және қабырғаларды жылыту үшін пайдаланылады.     

Владислав Цой, тілші:

Ал мына өнім осы зауытта ең бағалы зат. Көмірдің күлінен мынандай жылу қаптайтын зат өндіруге болады. Ол сегіз жүз градус ыстыққа шыдамды және жанбайды. Ендеше іске сәт. 

Оңтүстік Кореяда жыл сайын көмірдің сегіз миллионнан астам күлі жиналады. Оның алты жарым миллион тонна шаң-тозаңы қайта өнделеді. Қалған екі миллион тонна күл полигондарға көмілетін. Енді бұл мәселе де оңынан шешілді.     

Пак Сун Гю,  компания президенті:

– Біз осы технологиямызды Қазақстанмен бөлісуге дайынбыз. Өйткені сіздерде көмір жағатын жылу стансалары көп. Көмірдің қалдықтар қайта өнделмейді. Технологиямыз экологиялық зиянды азайтады әрі тиімді. Ал зауытта шығарылатын жылу оқшаулайтын затты қысы қатты өңірлерде құбырларды қымтауға пайдалануға болады.

Олжас Раев, ҚР Оңтүстік Кореядағы Елшілігінің инвестициялар жөніндегі арнайы кеңесшісі:

– Жалпы бізді осы технология, осы бағыттағы оңтүстіккореялықтардың тәжірибесі қызықтырады. Өйткені көптеген экологиялық мәселелерді шешуге болады. Қазақстанда бірнеше миллиард тонна өнеркәсіп қалдықтары жиналған. Оларды қайта өндеп, пайдалануымыз керек. 

Оңтүстіккореялық инженерлер еліміздегі жылу стансаларының жанына өз құрылғыларын орнатуға және жергілікті мамандарды оқытуға дайын. Корей ғалымдарының есебі бойынша, Казақстанда бұл технологияны іске асыруға қажетті қалдықтар қоры бірнеше ғасырға жетеді. 

Авторлары: Владислав Цой, Ли Сан Хён

Хабар 24 телеарнасы