375,91 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандағы құрылыс нормасы мен ережесі еурокод нормасына өтеді

  • 1143
  • UPD: 11:46, 31.12.2019

Бұл отандық құрылыс компанияларының шет мемлекеттерде де жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Халықаралық талапты елімізде енгізу жұмыстары 2010 жылдан бастап қолға алына бастаған. Сонымен қатар ТМД елдеріне ортақ құрылыс нормалары мен ережесін енгізу жұмыстары да талқыланып жатыр. Бұл туралы Алматыда өткен «ТМД елдері арасындағы құрылыстың ортақ техникалық талаптары» атты конференцияда айтылды. Ал еліміздегі тұрғын үй кешендерінің құрылысы жыл сайын 10 млн шаршы метрге артып отыр.

Ералы Шоқбаров, «Қазақ құрылыс және сәулет ҒЗЖИ» АҚ атқарушы директоры:

– 2020 жылы Қазақстан құрылыс нормасында эурокодтарға өтейін деп жатыр. Сондықтан сейсмикаға байланысты сегізінші нормативті «сейсмикалық құрылыстар» деген құжат бар. Сол бойынша бүгінгі таңда 2020 жылы эурокодтарға өтеміз. Осы салада құжаттар жасалып жатыр.

– Хамит Мавлияров, РФ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы министрінің орынбасары:

– Мысалы, Қазақстанда жақсы техникалық ереже қолға алынса, оны Ресейде, Беларусь елінде де пайдалануға болады. Бұл дегеніміз, техникалық ереже немесе шешім дайындаудың уақытын қысқартады. Нәтижесінде, құрылысқа жұмсалатын қаржы сомасы да үнемделеді.

Хабар 24 телеарнасы