383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әзербайжандық саясаттанушы латын әліпбиіне қатысты пікір білдірді

  • 420
  • UPD: 15:32, 23.10.2017

Ұлттық сезім, рухани жаңғыру латын әліпбиіне көшуден басталады.

Бұл Қазақстанды әлемдік ақпарат кеңістігіне шығарып қана қоймай, түркітілдес мемлекеттермен ынтымақтастықты бекемдей түседі. Әзербайжандық саясаттанушы Ахмед Алили осылай дейді. Оның пікірінше, Қазақстан латын қарпін қабылдаса, тілі мен мәдениеті жақын түркітілдес халықтарының достығы нығаяды.

Ахмед Алили, саясаттанушы:

– Қабылданатын жаңа дыбыстар мен таңбалар қазір Әзербайжан, Түркия халқы пайдаланатын таңбаларға ұқсас болғаны дұрыс деп ойлаймын. Бұл біздің халықтар арасындағы түсіністікті арттырып, түркітілдес елдермен қарым-қатынасты терең дамытар еді.

Хабар 24 телеарнасы