387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан мен Қырғызстан бірқатар маңызды уағдаластыққа қол жеткізді

  • 490
  • UPD: 17:47, 24.10.2017

Қырғыз Премьер-министрі бастаған ресми делегацияның елімізге жасаған сапары нәтижелі болды.

Парламент Мәжілісінің депутаты Мәулен Әшімбаев осындай пікірде. Әсіресе, Еуразиялық экономикалық одақ аясында келісімдердің орындалуы және мемлекеттік шекараны кесіп өтудің басым тәртібін қабылдауға қатысты айтылған ұсыныстар өзекті. Енді арнайы құрылған жұмыс тобы жол картасын әзірлеуі тиіс. Ал құжат бекітілгеннен кейін тиісті жұмыстар атқарылатын болады.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Өздеріңіз білесіздер, Премьер-министрлердің шешімімен арнайы жұмыс тобы құрылды. Осы жұмыс тобында Премьер-министрлердің бірінші орынбасарлары төрағалық жасап, өздерінің ұсыныстарын  жол картасы деп аталатын жобаны дайындап шықты. Сол ұсыныстар осы күндері Премьер-министрлердің қарауына енгізіледі. Олар мақұлдап жатса, ары қарай жүзеге асырылады.

Хабар 24 телеарнасы