386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 200 салымшысы Петропавл қаласында жаңа пәтердің иесі атанды

  • 707
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 200 салымшысы Петропавл қаласында жаңа пәтердің иесі атанды 7kun.kz

Петропавл қаласының тұрғындарына арнап 126 және 75 пәтерден тұратын екі үй бірден пайдалануға беріліп отыр.

Аталған нысандар «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында жергілікті атқарушы органдар бағыты бойынша салынған. Пәтерлердің 50%-ы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары арасында бөлістірілді. Ал қалған 50%-ы жергілікті әкімдікте тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға берілді. Бұл жерде кезекте тұрған адамдардың да ТҮҚЖБ клиенті болғанын, яғни банктен депозит ашып, шотта ақша жинағанын айта кету керек.

Бүгін Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов пен ТҮҚЖБ облыстық филиалының директоры Райхан Әбдірахманова салымшылармен кездесті.

- Жаңа баспанаға ие болып отырған тұрғындар үй алу үшін жалақысы жоғары маман болудың міндетті емес екенін дәлелдеп отыр. Баспаналы боламын деген адамға тұрақты орташа табыс пен керек кезде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен шот ашу керек. Банк жүзеге асырып отырған бірегей тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі мен мемлекеттік бағдарламалар азаматтарымызға қолжетімді шарттармен үй алуға мүмкіндік береді. Мысалы үш жылдан кейін алғашқы салымға қажет минимал сома жинап, сенімді түрде пулға қатысу үшін айына 30-40 мың теңгеден жинап отыру жеткілікті, деп атап өтті филиал директоры Райхан Әбдірахманова.

Қазір Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде СҚО-ның 30 000 тұрғыны үй алу үшін қаржы жинап жатыр. Жақын арада тағы 222 отбасы баспаналы болмақ. Жыл соңына дейін бұл азаматтар үшін 3 бірдей үй пайдалануға беріледі.

Хабар 24 телеарнасы