384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Латын әліпбиіне көшу – жас мемлекетіміз үшін тағдыршешті мәселелердің бірі

  • 687
  • UPD: 15:12, 27.10.2017

Қазақ тілі әліпбиінің 2025 жылға дейін латын графикасына кезең-кезеңімен көшуі ең тиімді шешім.

Елбасының қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы Жарлыққа қол қойғаны қоғамда қызу талқыланып жатыр. Сарапшылар, ғалымдар мен депутаттар латын әліпбиіне көшу арқылы Қазақстан дамудың жаңа сатысына көтеріледі деген пікір білдірді.

Бақытбек Смағұл, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Әлеммен тілдесу үшін, үндесу үшін, бірлесу үшін басқа көршілес, туысқан, бауыр мемлекеттердің қадамына қарап отырып, сұрыптап отырып жасалған дүние. Тек ғалымдар ғана емес, елдің болашағы үшін алаңдап отырған қарапайым халықпен санасып, саралап, дүниеге келіп отырған жағдай деп айтуға болады.

Кәрібай Мұсырман, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: 

- Бұл – біздің жас мемлекетіміз үшін тағдыршешті мәселелердің бірі. Үлкен реформа. Халқымызды жаңа әліпбиімізбен құттықтаймын. Бәрі де ойдағыдай болады деп сенемін.

Хабар 24 телеарнасы