Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 142
383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


МӘМС жүйесі 2020 жылға дейін шегерілуі мүмкін

  • 670
  • UPD: 22:17, 27.10.2017

Қазақстандықтар 2020 жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында дәрігердің көмегіне жүгіне алады.

Яғни жауапты министрлік жаңашылдыққа көшуді 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін кейінге шегеруді ұсынды. Бұл туралы бүгін Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында айтылды. Ал оған дейін жаңа жүйенің кем-кетігін жетілдіруге уәде етті.

Елімізде 2 млн 700 мың адам өзін-өзі жұмыспен қамтып отыр. Оларды медициналық сақтандыру жүйесіне енгізу әзірге оңай болмай тұр. Біріншіден, осы санатқа жататын азаматтардың нақты саны белгісіз. «Олар статистикада көрсетілгеннен бірнеше мыңға көп болуы да ғажап емес», – дейді мамандар. Сондықтан азаматтық-құқықтық шарт бойынша табыс табатын жеке тұлғалардың жарна мөлшерін 5-тен 1 пайызға дейін төмендету көзделіп отыр.

Ләззат Ақтаева, ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары:

– Халықтың бұл тобына жатататындарға ешкім жарна төлемейді. Жеңілдігі бар тізімге де кірмейді. Ал заңда осы санатқа жататын азаматтар айына 1414 теңге аударатыны көрсетілген. Алайда қаржы жоспарлы стационарлық медициналық көмек алуға мүмкіндік бермейді. Біз оларды шеттете алаймыз.

Ал Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандардың базасын құру керек дейді. Өйткені еліміз бойынша ақпараттық жүйеге тіркелмеген тұрғындар саны 3 миллионнан асып кеткен. Министрлік жаңа жылға дейін өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың мәртебесін анықтап, ең төменгі кірісі бар кәсіпкердің өзін тіркеуге алу жайын қарастырамыз деп отыр.

Біржан Нұрымбетов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары:

– Тұрғындар берген ақпаратты тексере келе, мынадай қиындықпен бетпе-бет келдік. Өзін жеке кәсіпкермін деген 138 мың тұрғын белсенді жұмыс істейтін бизнесмендердің қатарында болмады. Ал 242 мың адам ресми жұмыссыз ретінде тіркеуде жоқ. 390 мың тұрғын тұрғылықты жері бойынша мүлдем тіркеуде тұрмаған. Ал өзін студентпін деген 150 мың адам Білім және ғылым министрлігінің жүйесінде жоқ болып шықты.

Жаңашылдыққа жауаптылар қайткенде де екі жылдың ішінде жүйені жетілдерміз деп отыр. Ал алдағы екі жылда жұмыс берушілер 1-1,5 пайыз көлемінде қорға жарна аудара бермек. Қазіргі таңда қорға шамамен 17 млрд теңгеден астам қаржы бар.

 

Авторлары: Әсел Тұмашқызы, Дәурен Үмбеталиев

Хабар 24 телеарнасы