384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандылық көлік жүргізушілер полицейлердің үстінен шағым түсірді

  • 974
  • UPD: 07:54, 30.10.2017

Қарағандылық полицейлер көлік жүргізушілерінің ішімдік ішкен-ішпегенін осы уақытқа негізсіз тексеріп келген.

Өңірдегі прокурорлардың есебі бойынша, соңғы екі жылда 5 мыңнан астам көлік иесі тексеріске жіберілген. Нəтижесінде күдіктің жартысынан көбі расталмаған. «Мұндай мәселе көлік жүргізушілерінің жағдайын полицейлер арнайы құрылғымен емес, көбіне «көзбен» бағамдауынан туып отыр», – дейді қадағалаушы орган өкілдері. Осындай негізсіз тексерістерге бюджеттің 4 млн теңгеден астам қаражаты шығындалыпты. Ал жүргізушілер болса уақыттарын сағаттап жоғалтқаны үшін шағым түсірген. Олардың құқығын қорғау мақсатында енді аймақ прокурорлары, сот қызметкерлері, полиция мен дәрігерлер бірлесе отырып тұтас бір механизм ойлап таппақшы.

Асығат Ахметов, облыстық прокуратура басқармасының басшысы: 

- Денсаулық сақтау министрлігімен жүзеге асырған жоба барысында заңсыз іс əрекеттерге жол бермеуге тырысамыз. Тексеріс барысында жүргізуші мас күйінде көлікті жүргізгені анықталса, онда әкімшілік хаттама толтырылады.

Хабар 24 телеарнасы