384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде азаматтарды тұрғылықты мекенжай бойынша тіркеу рәсімдері жеңілдетілді

  • 755
  • UPD: 13:29, 01.11.2017

Енді тез тіркелесіз.

Әрі төлқұжатты ұсынсаңыз жеткілікті. ҚР Ішкі істер министрлігі Әділет министрлігі және «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясымен бірге тұрғындарды жергілікті жері бойынша тіркеу шараларын оңайлатты. ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, сынақтан өткен ақпараттық жүйе біріктірілген. Енді азаматтарға тіркелу кезінде тұрғын үйге иелік құқығын растайтын құжаттарды немесе жылжымайтын мүлікке тіркелген құқығы туралы анықтама ұсыну талап етілмейді. 

Алмас Садубаев, ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің басшысы: 

- Ішкі істер министрлігі Әділет министрлігімен және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен бірлесіп, азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу рәсімдерін жеңілдетті. Бұдан былай азаматтарды тіркеу кезінде тұрғын үйге қатысты құқық белгілеуші құжаттар немесе анықтамалар қажет емес. Мекенжай туралы мәліметтер тіркеу кодының негізінде жүйеге енгізілетін болады. Жаңа механизм 1 қарашадан бастап еліміздің барлық өңірлеріндегі Халыққа қызмет көрсету орталықтарында іске қосылады.

Хабар 24 телеарнасы