386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызыл кітапқа енген құстарды заңсыз ұстаған азамат тергелуде

  • 799
  • UPD: 09:28, 01.11.2017

Атыраулық полицейлер Қызыл кітапқа енген құстарды заңсыз ұстаған азаматты анықтады.

Учаскелік инспектор өзіне бекітілген аумақты аралау  барысында «Сарыарқа» мөлтек ауданындағы көпқабатты үй пәтерлерінің бірінен жыртқыш құстарды байқаған.

Тексеру барысында ителгінің де, лашынның да тиісті құжаттары болмай шықты. Қазір құстар Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясына жеткізілді. Ал құсбегі заң алдында жауап беретін болады.

Назымгүл Қайсағалиева, облыстық ІІД баспасөз хатшысы:

– Ителгі, лашын  құстарының  иесі 1962 жылы туған. ОҚО тумасы құстарды жеке мақсатта белгісіз азаматтан 150 мың теңгеге сатып алыпты. Қазір қанаттылардың қожайынына  қатысты ҚР ҚК 339 бабы негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы