388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биыл Павлодар облысында заңсыз аң аулаудың 360 оқиғасы тіркелген

  • 507
  • UPD: 12:32, 01.11.2017

Павлодар облысында Қызыл кітапқа енген жануарларды атқан аңшылар ұсталды.

Инспекторлармен рейдке шыққан тәртіп сақшылары Май ауданындағы Алқамберген көлінің жанында жол талғамайтын көлікті тоқтатқан.

Аңшылардың аң аулауға рұқсаты болғанымен, олардың атуға тиым салынған киіктерді жайратып салғаны анықталды. Күдіктілер дала еркелерінің тек мүйіздерін ғана алыпты.

Заңды өрескел бұзғандар енді сот алдында жауап береді. Жыл басынан бері Павлодар облысында заңсыз аң аулаудың 360 оқиғасы тіркелген.

Азамат Исеев, облыстық ІІД жергілікті полиция бөлімінің инспекторы:

– Осы оқиғаға орай  ҚР ҚК 337-ші бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олардың Қызыл кітапқа енген жануарларды атқаны белгілі болды. Заңсыз әрекеттерін өздері де мойындап отыр.

 

Хабар 24 телеарнасы