387,14 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да малға қасқыр шауып жатыр

  • 824
  • UPD: 23:34, 01.11.2017

Шығыс Қазақстан облысында қорадағы қойға қасқыр шауып, малға шабуыл жасап жатыр.

Түз тағысы әсіресе Қатонқарағай, Тарбағатай және Зайсан аудандарында көбейіп кеткен. Мәселен, Қатонқарағай ауданы тұрғындарының айтуынша, өрістегі малға қасқырлар үйірімен бақташының көзінше шабатын болған. 150-ден астам түтіні бар ауылдағы әрбір үйден бүгінге дейін 1-2 мал қасқырға жем болған. Тіпті ауыл тұрғындары қас қарайған соң үйлерінен шығуға да үрейленіп қалған. Облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасының мамандары қасқырларды ату үшін арнайы әуе отряды жасақталғанын хабарлады. Аңшылар әуелі әуеден бақылау жасап, одан соң қасқыр көп шоғырланған аудандарда атуды бастайды. Бір жылдың ішінде аймақ бойынша 346 қасқыр ауланған.

Арман Есентаев, облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасының бөлім жетекшісі: 

- Бүгіннен бастап тікұшақ бойынша әуеден бақылау рейді басталып кетті. Суық түсіп, қар түскен кезден қар мотациклімен шығып, жерден рейдтер басталады.

Хабар 24 телеарнасы