«Нұр Әлем» павильоны 11 қараша күні келушілерге есігін ашады

«Нұр Әлем» павильоны 11 қараша күні келушілерге есігін ашады
otarka.kz

11 қараша күні «Нұр Әлем» ұлттық павильоны келушілерге өз есігін айқара ашады.

«Біз ашылуды 11 қарашаға жоспарлап отырмыз. Сфера толықтай жұмыс істей бастайды. Дайындық жұмыстары аяқталуға жақын. Экспозицияға қатысты айтар болсақ, бұл туралы ақпаратты ашылғанға дейін құпия сақтауды қалар едік», деді «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев EXPO 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің жабылу салтанатында жариялағандай, «Нұр Әлем» және тақырыптық павильондар сақталып, Энергия музейі ретінде жұмысын жалғастыратын болады.

Естеріңізге салсақ, көрмеге дейін EXPO 2017 аумағындағы ғимараттардың бір бөлігі «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Халықаралық «жасыл» технологиялардың даму орталығы және Халықаралық IT-стартаптар технопаркіне берілуі туралы шешім қабылданған болатын.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz