380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Қазавтоөндіріс» шетелдік қызметтік көліктерді сатып алуға мораторий енгізуді ұсынды

  • 542
  • UPD: 19:27, 02.11.2017

«Қазавтоөндіріс» үкіметтік ұйымдардың шетелдік темір тұлпарларды сатып алуына мораторий енгізуді ұсынды.

Бұл туралы одақ өзінің ресми сайтында жариялады. «Импорттық өнімге қойылатын шектеу отандық көлік құрастыру саласын дамытып, бюджет қаржысын үнемдейді», –  делінген онда. Ұйым өкілдері осы мақсатта заң аясында қолдау көрсету қажеттігін айтады. Мораторий жариялау туралы өтініш қаржы министрлігіне жолданған. «Сондай-ақ биыл мемлекеттік органдар шетелдік көліктерді сатып алуға 6,7 млрд теңге жұмсады», – делінген мәлімдемеде.

Қаржы мөлшері өткен жылмен салыстырғанда бірнеше есеге ұлғайған. Ал депутаттардың бұл тұрғыда пікірі екіге бөлінді.

Владимир Божко, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары:

- Мемлекеттік қызметкерлерді қарапайым көлікке, қаласаңыздар арбаға отырғызайық. Бірақ ол кезде атқарушы органдардың мәртебесі түсіп кетмей ме? Біз өзімізді әлеуетті мемлекет деп көрсеткіміз келеді. Қызметтік көлік мәселесіне жауабым осы.

Владислав Косарев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Атқамінерлер қарапайым болуы керек. Мемлекет басшысы айтқандай, тек отандық көліктерді сатып алу қажет деп есептеймін. Олар шетелдікке қарағанда арзан. Соған қарамастан, қызметтік мақсатта қолданылатын импорттық қымбат көліктер әкеліне береді.

Хабар 24 телеарнасы