386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қоғам қайраткерлері: Латын қарпіне көшудің маңызы зор

  • 905
  • UPD: 21:40, 02.11.2017

Жаһандану кезеңінде Қазақстанның білім, ғылым саласында дамыған елдермен терезе теңестіруі үшін латын қарпіне көшудің маңызы зор.

Бұл – өскемендік студенттермен кездесу өткізген қоғам қайраткерлерінің пікірі. Бүгінде жас ұрпақ тіл үйренуден бөлек IT салаға ден қойып, көкжиектерін кеңейтуде. Себебі XXI ғасыр – латын қарпіне негізделген жаңа технолгиялар дәуірі. Меймандар: «Жастардың инновация тұрғысында озық болуы маңызды», – дейді.

Ерлан Сайыров, саясаттанушы:

- Технологиялар, науқандар дамып жатыр. Біздің ұлт, жастарымыз технология ноухау дәрежесінде болу керек. Латын қарпінің мәйегі, драматургиясы XXI ғасырдың алдында тұрған міндеттерді шеше алатын жастарды тәрбиелеу керек.

Ермұрат Бәпи, тәуелсіз журналист:

- Әлемнің 50 пайызына жуық экономикасын басқарып отырған, иелік етіп отырған Батыс пен Америкадай бүкіл өркениетті ел әлеуметтік-саяси жағынан латын негізінде жүзеге асады. Сондықтан біз өркениетке еруіміз керек. Кириллицадан іргемізді аулақ салудың мақсаты – әлдекіммен жауласу емес, әлемдік көшке еру.

Хабар 24 телеарнасы