384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайда І республикалық домбырашылар байқауы басталды

  • 494
  • UPD: 14:46, 03.11.2017

Тобыл өңірінде тұңғыш рет өткізіліп отырған күй бәсекесінде еліміздің әр өңірінен келген 23 талапкер бақ сынап отыр.

Оларға Сержан Шәкірат, Айгүл Үлкенбаева бастаған қазылар алқасы төрелік етеді. Байқау шарты бойынша домбырашылар Маңғыстау мектебінің, Сыр өңірі күйшілік дәстүрінің және Құрманғазы мен Динаның шығармаларын орындайды. «Соңғы жылдары Қостанай өңірінде ұлттық өнер терең тамыр жайып келеді. Бұл байқау – жас дарындарға серпін әрі өлке өнерпаздарының рухына тағзым», – дейді ұйымдастырушылар. Сайыс жеңімпаздары ертең анықталмақ.

Данияр Рысбеков, байқауға қатысушы:

- Қостанай өңірінде ең бірінші рет республикалық конкурс өтіп жатыр. Ол – біз үшін мәртебе. Жан-жақтан домбырашылар келді. Бір-бірімізбен тәжірибе алмасамыз. Олардың күй қоры байи түседі.

Ерлан Қалмақов, облыстық мәдениет басқармасының басшысы:

- Тобыл-Торғай өңірінде Сағын Жалмышовтың орны ерекше. Ол кісі өзінің қызметімен қоса төл өнерімізді қатар алып жүрген, елдің ішінде насихаттауға, күй өнерін кеңінен таралуына ерекше үлес қосқан. Сондықтан Сағын Жалмышовты еске ала отырып, Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасына сәйкес, республикалық байқау өткізгенді жөн көрдік.

Хабар 24 телеарнасы