Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
380,84 420,44 6,06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жастарға тегін кеңес беріп, дұрыс ақпаратпен қамтитын орталық ашылды

  • 760
  • UPD: 09:21, 04.11.2017

Көк базарда «Жастарға көмек беру» орталығы  ашылды.

Бұл істі Астана қаласы жастар саясаты мәселелері басқармасы ұйымдастырып отыр. Сәуір айынан бері мұнда келушілер саны төрт жүзге жуықтаған.

Кеңес сұрағандарды арнайы мамандар қабылдап, талап-өтініштеріне байланысты көмек береді. Мысалы, заңгер кеңесіне жүгінушілер көп. Және жұмыс іздеушілер қатары қалың. 270 адам осы мәселеге байланысты кеңес алып, 76-сы жұмыспен қамту қызметі арқылы жұмысқа орналасты.

Тағы 70-тен астамы жұмыс ұсынушылар тарапынан түскен өтініштерді құп көрген. Тұрғын үйге қатысты мәселелермен келгендер саны – 93. Соның ішінде 37 келушіге шотты ашып-жабуға қатысты көмек көрсетілді. «Мемлекеттік бағдарламалар бойынша, ақпарат алғандар да біршама. Халық көп шоғырланған жерде жылдам әрі тегін кеңес алып, ақпаратпен танысуға ынталы жандар саны күн сайын артып келеді», – дейді мамандар.

Асқат Оралов Астана қаласы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы:

– Осы жеті-сегіз айдың ішінде төрт жүзге жуық адам келіп, сұрақ пен түрлі  мәселелер көтерді. Жалпы біздің жастарды қолдау орталығының мақсаты - ол біздің халқымызға, әсіресе жастарға дұрыс ақпарат жеткізу. Ол – мемлекеттік бағдарламалар туралы, бос жұмыс орындары туралы, және де қолжетімді баспана туралы ақпарат.  

Хабар 24 телеарнасы