386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Айдарбек Тұматов: Қазақстан халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға елеулі үлес қосып отыр

  • 530
  • UPD: 12:03, 04.11.2017

Дүниеде болып жатқан келеңсіз оқиғалар қазақ елін де бейжай қалдырған емес.

Астана процесінің әр кезеңі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей қолдауымен өтіп келеді.

Халықаралық қауымдастық Сириядағы жағдайды реттеу бойынша, Елбасының жеке рөліне жоғары бағасын беріп отыр. Президенттің қатысушы делегация басшыларымен кездесуі де осыны айғақтайды.

Қазақстан БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшесі болып, Сирия келіссөздеріне бейтарап алаң ұсыну арқылы халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға елеулі үлес қосып отыр.

Өйткені бас шаһарымыздағы келіссөздер Женева келіссөздеріне үлкен серпін береді. Сыртқы істер министрлігінің Азия және Африка департаментінің директоры Айдарбек Тұматов осылай дейді.

Айдарбек Тұматов, ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің директоры:

– Біз келіссөздер аясында кепілді елдің делегацияларымен және басқа да қатысушылармен консультациялар өткіздік. Оның қорытындысы бойынша, Ресей, Түркия және Иран тұтқындалғандарды босату мәселесіне басты назар аударатынын айтып, оны бірлескен мәлімдемеге қосты. Сондай-ақ кездесу барысындағы Сириядағы гуманитарлық жағдайды жақсартуға қатысты басқа да мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, террористерден азат етілген жерлерді минадан тазарту, терроризммен күрес мәселелері де.

Хабар 24 телеарнасы