389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таяуда бірегей жүйке жүйесін оңалтуға арналған костюм қолданысқа енеді

  • 508
  • UPD: 15:28, 04.11.2017

Церебральды сал ауруы мен инсульттен зардап шеккен адамдардың сауығуына мүмкіндік бар.

Ресейлік дәрігер Қарағандыға бірегей жүйке жүйесін оңалтуға арналған костюм әкелді.

Облыс орталығының дәрігерлері осы жаңа бастаманы меңгеріп жатыр. Жаңа костюм церебральды сал және инсульт алған адамдардың қозғалысын үйлестіру үшін қажет.

Бұл бастама әлемдегі үздік нейрофизиологтардың қолдауына да ие. Таяуда бұл жаңашылдық Оксфордтағы конференцияда көпшіліктің назарына ұсынылған.

Костюмның құны 200-250 мың теңге тұрады. Бұл шетелдік баламасынан үш есе арзан. Әрі түрлі өлшемдерден тұрады.

Валида Исанова, медицина ғылымдарының докторы:

– Костюм нейрофизиологиялық қасиеттерге ие. Бірегей киім үлгісі ұшқыштар қолданатын костюм болады. Костюмдегі арнайы мата тез және айқын нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сал ауруына шалдыққан науқастардың қалаған қозғалысын қалыпқа келтіруге ықпал етеді.

Хабар 24 телеарнасы