389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысында 1 тоннадан астам бекіре тәркіленді

  • 1083
  • UPD: 11:53, 06.11.2017

Бүгін таңертең Атырау облысының Исатай ауданы Жанбай ауылы маңында Каспий теңізінің жағалауында браконьерлер қолға түсті.

Балық қорғау инспекциясының қызметкерлері қозғалтқышы рұқсат етілген көлемнен қуатты қайықты тексеру кезінде 1 тоннадан астам бекіре тәркіледі.

Бұл бағалы балықтардың салмағы шамамен жарты тоннадан асуы мүмкін. Мамандар заңсыз ауланған бекірелердің қандай жолмен ауланғандығын анықтап жатыр. Әзірге белгілісі қайықта болған 4 күдікті ішкі істер органдарына жеткізілген. Тергеу амалдары басталды. 

Данияр Баймағамбетов, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы:

– Таңғы сағат сегізге жуық Солтүстік Каспий жағалауынан 200 аттың күші бар қос мотор орнатылған аса қуатты қайықты ұстадық. Қайықта төрт адам болды, барлығы да – жағалауға жақын орналасқан Жанбай ауылының тұрғындары. Қайық ішінен аулауға мүлде тыйым салынған бекіре балықтарды тәркіледік. Браконьерлерден барлығы 304 дана бекіре балығы шықты.

Хабар 24 телеарнасы