383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Алтынкөл» кеден бекетінде заңсыз тауар алып өту дерегі анықталды

  • 344
  • UPD: 22:42, 05.11.2017

Құжатсыз жүк транзит арқылы Қырғыз Республикасының Ош облысына бағыт алған.

Кедендік бақылау кезінде контейнерлердің бірінен аспалы шамдар табылды. 750 келіден асатын тауардың жалпы құны алдын ала есеп бойынша 852 мың теңгеден жоғары.

Осы дерекке қатысты тексеру жұмыстары аяқталған соң, Алматы облыстық мемлекеттік кірістер департаменті әкімшілік құқықбұзушылық жөнінде іс қозғайды.          

Хабар 24 телеарнасы