383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да «Экоболашақ» атты акция аясында оқушылар қағаз қалдықтарын жинады

  • 879
  • UPD: 12:09, 07.11.2017

100 келі қағаз қалдығын қайта өңдесе, бір ағашты, ал 30 тонна макулатураны кәдеге жаратса, бір гектар орманды аман алып қалуға болады.

Жасыл желек қорының сақталуы өз кезегінде экологиялық мәселелердің оң шешілуіне септігін тигізері сөзсіз. Бұл күндері еліміз бойынша барлық мектептерде «Экоболашақ» атты акция өтіп жатыр. Яғни оқушылар қағаз қалдықтарын жинап тапсыруда. Оқу орындарының белсенділігі жөнінен Орал қаласы көш бастап келеді. Шара қорытындысында ең үздік оқушы мен ең көп қағаз жинаған сынып және мектептер анықталып, арнайы сыйлықтармен марапатталмақ. Қайта өңдеу кәсіпорнына тапсырылған қалдықтың қаржысы білім ордаларының материалдық базасын нығайтуға жұмсалады. Айта кетерлігі, былтыр акция аясында 250 тонна макулатура жиналған екен.

Аяулым Атшыбай, 5-сынып оқушысы:

– Біз осы жобаға отбасымызбен бірге белсенді қатысып отырмыз. Табиғатты әрқашанда аялап жүрейік, қоқыстарды жинап, өз үлесімізді қосайық.

Ұлпа Тілегенова, №20 мектеп директоры:

– Осындай шараның өзі табиғатты қорғау, жалпы балалардың экологиялық бағыттағы жұмыстарға жауапкершілігін арттырады деп есептеймін. Алдағы уақытта бұл жұмыс өз нәтижесін табады.

Хабар 24 телеарнасы