378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Соңғы күндері Алматыда ауаның ластану деңгейі жоғарылаған

  • 947
  • UPD: 12:08, 07.11.2017

«Гидрометеорологиялық мониторингі орталығының» мәліметінше, қазіргі таңда азот тотығының көрсеткіші 2,2 бірлікті көрсеткен.

«Бірінші кезекте оған бірден-бір себеп – шаһардағы әрілі-берілі ағылған көліктер санының тым көптігі. Сондай-ақ жылу беру маусымы басталғалы бері, қаладағы жылу орталықтары бірнеше мың тонна зиянды зат бөліп шығарды», – дейді мамандар. Алматы ойпаңда орналасқандықтан, ауаның алмасуы – сирек болатын құбылыс. «Қалың қар жауып, күн суытпайынша, жағдай өзгермейді», – дейді зертхана қызметкерлері.

Әсел Рысқұлова, «Қазгидромет» РМК зертханасының қызметкері:

– Алматы қаласының атмосфералық ластануы жылу беру маусымы басталғандықтан және автокөлік шығарылымдарынан азот тотығының 2,2 шекті консентрацияда болып тұр. Яғни бұл адам денсаулығына өте қатты зиян келтірмейді.

Хабар 24 телеарнасы