386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Корея орманды қайта жандандыру тәжірибесімен бөліседі

  • 543
  • UPD: 12:04, 08.11.2017

Орманды қорғау жөніндегі азиялық ұйым «АФОКО» Қазақстанды өз құрамына қосуға ниетті.

Бұл туралы осы құрылым өкілдері Қазақстан елшілігі қызметкерлерімен өткен кездесуде айтты.

«АФОКО» ұйымы 2015 жылы Корея тарапының бастамасымен құрылған. Қазір оған он бір мемлекет мүше. Осы ұйым арқылы Оңтүстік Корея орманды қайта жандандыру бағытында тәжірибие алмасып, технологиясымен бөліседі.

Бүгінде Қазақстан мен Кореяның орман шаруашылығы екі жақты серіктестік орнатқан. Мәселен, Арал теңізі аумағындағы орман алқапты қайта жандандыруға және Астанада салынатын достық бақшасына корейліктер көмек көрсетеді.

Ли Ёнг Чжу, AFOCO халықаралық ынтымақтастық координаторы:

– Қазақстан Орталық Азияда маңызды, жетекші позицияны иеленеді. Болашақта «АФОКО-мен» бірге орманды жасылдандыру жұмыстары жүргізілсе екен деймін. Қазіргі таңда Қазақстанмен бірлескен жобаға дайындалып жатырмыз. Олар Арал өзенінің экологиясын қорғау, зақымданған орманды емдеу, климаттың өзгеруінен туындаған мәселені шешу сынды. Содан соң Қазақстан біздің ұйымға мүше болып, ауқымды жобаларға қатыса алады. «АФОКА» ұйымына кіру үшін 6 ай уақыт кетеді.

Хабар 24 телеарнасы