384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында атыстан зардап шеккендердің арасында жеткіншек болған

  • 722
  • UPD: 10:19, 09.11.2017

Жамбыл облысындағы жаппай төбелестен жапа шеккендердің қатарында кәмелет жасына толмаған жеткіншек те бар болып шықты.

Ал қаза тапқан 30 жастағы азаматтың Қаракемер ауылының тұрғыны екені және 3 баласының бары анықталды. Атыс болған күні ауруханаға 9 адам түскен. Олардың өзара жанжалға айдап барған автокөліктері табылып, айыптұраққа жеткізілді. Қазір полицейлер қару қолданған адамды іздестіру үстінде. Ал бұзақылыққа қатысы бар 2 науқас төсекке танылған.

Айта кетейік, 6 қараша күні кешқұрым Аса елді мекенінен Құмтиын ауылына бағыт алған көлік ішінде екі жолаушы керісіп қалған. Кейіннен олар ауылдастарын шақырып, топ болып атысқан.

Жетпіс Айқожаев, Жамбыл аудандық орталық ауруханасы хирургия бөлімінің меңгерушісі:

– Тізе буындарында көптеген бытыра жарақаттары бар. Екіншісінің миы шайқалған. Денесінің бәрі жырылған. Қазіргі уақытта емнің барлық түрін алып жатыр. Көмек те жасалып жатыр. Жалпы жағдайлары жақсы.

Хабар 24 телеарнасы