366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде «Қыс-2017» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды

  • 326
  • UPD: 11:39, 09.11.2017

Еліміздің барлық өңірлерінде «Қыс-2017» республикалық командалық-штабтық оқу жаттығулары өтіп жатыр.

Бүгін бұл шара Астанада да ұйымдастырылды.

Дариға Ташенова, тілші:

– Қысқы кезеңге дайындық шеңберінде «Қыс-2017» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары басталып кетті. Барлық қатысушылар өз орындарында. Шара екі күн бойы өтеді, яғни ертең жалғасы болады. Бұл жаттығулардың басты мақсаты – арнайы қызметтердің және жергілікті атқарушы органдардың халықты және қаланы қорғауға дайындығын тексеру. Бүгін қыс мезгілінде туындайтын төтенше жағдайлар кезінде өзара іс-қимылдар жүйесі пысықталатын болады, сондай-ақ авариялық-құтқару қызметтері мен арнайы құрылымдарың әзірлігі тексерістен өткізіледі. Бағдарлама бойынша рейстік автобус жолаушыларын эвакуациялау, жол-көлік оқиғаларының нәтижесінде автомашиналарды сөндіру, қар бораны кезінде азаматтарды іздеу және мұз астына түсіп кеткен балықшыларды құтқару, жылу құбырларындағы аварияны жою сынды жаттығулар орындалады.

Хабар 24 телеарнасы