387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысы мен Ресей Федерациясы арасындағы сауда айналымы 747 млн долларға жетті

  • 638
  • UPD: 21:52, 09.11.2017
Ақтөбе облысы мен Ресей Федерациясы арасындағы сауда айналымы 747 млн долларға жетті

Өткен жылы Ақтөбе облысы мен Ресей Федерациясы арасындағы сыртқы сауда айналымы 862 млн АҚШ долларына жетті.

Яғни бұған дейінгі жылдармен салыстырғанда 2 есеге өскен. Әсіресе көрші елдің шекаралас облыстарымен сауда-экономикалық қарым-қатынас нығая түсті. Мәселен, Орынбор облысы әкімшілігімен өзара әріптестік туралы арнайы мемарандум бар. Ақтөбелік кәсіпкерлер Орынборда өз бизнесін ашса, көршілер Ақтөбеде табыс тауып жүр.

Ақтөбедегі ең ірі кондитерлік цех өткен жылы Орынборда өз филиалын ашты. 12 адамға жұмыс беріп, кәсіпті дөңгелетіп әкетті. Цех жанындағы дүкенде кондитерлік өнімнің 200 түрі сатылады. Кәсіпорын жақында Ресей жағы ұйымдастырған бизнес жобалар байқауына қатысып, арнайы грант жеңіп алды. Енді кәсіпті кеңейтіп, өнім түрлерін көбейтпек.

Зәуреш Еркіналинова, кондитерлік өнім шығаратын кәсіпорын директоры:

- Бизнес байқауда ұсынған жобамды іске асырғым келеді. Итальяндық жабдықтар алып, шоколадтың элиталы түрін шығаруды жоспарлап отырмыз. Сонымен бірге жент ішіндегі шоколад және өзге де тәтті түрлерін көбейтеміз. Кез келген тұтынушының талғамын ескеретін боламыз.

Көрші екі облыстың ауыл шаруашылығы саласындағы әріптестік қарым-қатынасы әлдеқашан бір ізге қойылған. Ақтөбенің шаруалары жыл сайын Орынбордан сапалы тұқым алады. Соңғы екі жылда 6 мың тонна тұқым тасымалданған. Ақтөбелік кәсіпорындар болса ресейліктерге ұн мен шұжық өнімдерін жеткізіп отыр.

Асылхан Әптиев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

- Осы жылдың өткен мерзімінде ауыл шаруашылығы саласындағы тауар айналымы 1 млрд теңгені құрады. Жақында орынборлық әріптестерімізге бір ұсыныспен шықтық. Ауыл шаруашылығы техникасын жасайтын кәсіпорынның филиалын Ақтөбе қаласында ашса, екі жаққа тиімді болар еді. Себебі біз олардан арнайы техника сатып аламыз. 

Өткен жылы Ақтөбе облысы мен Ресей Федерациясы арасындағы сыртқы сауда айналымы 800 млн доллардан асып жығылған. Биылғы 8 айдың өзінде 747 млн долларға жетті. Бұл қаржының 22%-ы Орынбор облысына тиесілі. Екі облыс арасындағы тауар айналымы биыл 3 есеге өскен.

Анар Дәржанова, облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы:

- Тек ірі бизнес саласында емес, бүгінгі күні кіші және орта бизнес саласында да біздің Ақтөбенің кәсіпкерлері Ресей өңіріне тауаларын апарып, өз қызметтерін көрсетуде. Биылғы 8 айдың ішінде екі облыс арасындағы сауда айналымы 171 млн доллар болса, бұл өткен жылдың 8 айымен салыстырғанда 3 есеге үлкен.

Ақтөбеде ресейлік капиталдың қатысуымен 534 кәсіпкерлік нысаны жұмыс істеп тұр. Көрші елден инвесторлар тарту жұмыстары жалғасып жатыр. 

Авторлары: Ақсәуле Байменшина, Болат Молдағалиев

Хабар 24 телеарнасы