389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тамара Дүйсенова Қарағанды облысына іссапармен барды

  • 475
  • UPD: 22:19, 09.11.2017

Қарағанды облысына іссапармен барған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова өңірдегі жұмыспен қамту орталықтарының жай-күйімен танысты.

Министр нысанның материалдық-техникалық жабдықталуын бағамдап, орталық кеңесшілерінің кәсіби біліктілігіне назар аударды. Сондай-ақ бүгінде жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің және ел арасында ақпараттық-түсіндіру шарасының маңызын да атап өтті. Ведомство басшысы алдағы жылдан бастап базалық зейнетақының жүйеге қатысу ұзақтығына қарай тағайындалатынын мәлімдеді. Сонымен қатар 2015 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан «Өрлеу» пилоттық жобасына қатысушылармен кездесті. Екі жылда атаулы шара аясында облыс бойынша мыңнан астам адамға 32 млн теңге көлемінде шартты ақшалай көмек көрсетілген.

Наталья Федулова, жеке кәсіпкер: 

- «Өрлеу» бағдарламасы шағын кәсіп ашамын деген азаматтарға жақсы мүмкіндік беріп отыр. Осыдан екі жыл бұрын мен үй шаруасымен отырған едім, ал қазір бастаушы кәсіпкермін. Өзімнің клиенттік базам да бар деп айтуға болады.

Хабар 24 телеарнасы