384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда «Үздік авторлық бағдарлама» атты республикалық байқау өз мәресіне жетті

  • 1419
  • UPD: 15:40, 10.11.2017

Алматыда ұстаздар арасындағы «Үздік авторлық бағдарлама» атты республикалық байқау аяқталды.

Еліміздің түкпір-түкпірінен 300-ге жуық мұғалім қатысқан байқаудың мақсаты – білім беру бағдарламаларын жетілдіруге бағытталған жобаларды дамыту. Сайыс жеті секция бойынша өтті. Байқау қорытындысында қазылар алқасы жаратылыстану бағытындағы базасы қалыптаспаған мектептерде роботты техника үйірмесін ашу жобасын үздік деп тапты. Қазіргі уақытта робот жасау, оқушыларды инженерлік мамандыққа баулу қарқын алып келеді. Дегенмен алыс аймақтардағы мектептерде қажетті құрал-жабдықтардың жоқтығы қолбайлау болып отыр.

Алтынбек Киікбаев, информатика пәнінің мұғалімі: /Қызылорда облысы/

Көбінесе қолжетімді материалдарды пайдаланамын. Бұзылып қалған механикалық машиналардың, әртүрлі шамдардың диодтарын қоса отыра, дыбыстар енгізіп, макеттік, құрастырмалық және механикалық роботтардың түрлерін жасап үлгердім.

Хабар 24 телеарнасы