383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда I республикалық кәсіби шеберлік байқауы басталды

  • 644
  • UPD: 18:21, 10.11.2017

Теріскейде «Мені шыңдаған Серпін» атты бірінші республикалық кәсіби шеберлік байқауы басталды.

Оңтүстіктен солтүстікке келіп, жұмысшы мамандықтарын меңгеріп жатқан студенттер бірнеше күн бойы алған білімдерін тәжірибе жүзінде шыңдамақ.

Бекзат Бажақаев – Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы. Бүгінде ол «Серпін» бағдарламасы бойынша Қостанай құрылыс колледжінде білім алып жатыр. Азамат болашақта ел дамуына бір кірпіш болса да қалап, туған жерді түлетсем деген мақсатпен осы мамандықты таңдаған.

Бекзат Бажақаев, байқауға қатысушы /Қостанай/:

- Құрылыста ең маңыздысы ол – қоғамға деген жауапкершілігің. Сосын құрылыстың сапасы. Мысалы қыш салатын болсақ, қыштың беріктігін, қуаттылығын, соның бәрін есептеп барып қышты қалау керек. Талап бізге аса қиын емес. Оңай берілген. Қышты 12 қатарлық қылып өру керек.

«Мені шыңдаған Серпін» байқауы алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Оған еліміздің 40-қа тарта білім ошағынан 100-ден астам студент қатысуда. Олар «Ауыл шаруашылығы», «Электромеханик», «Аспаздық іс», «Кірпіш қалау» сынды 10 аталым бойынша сынға түсуде.

Күлзия Тобатаева, «Серпін» ұлттық жобалар басқармасының жетекшісі:

- Біздің негізгі мақсат – еліміздің экономикасына, еңбек күші тапшы өңірлерге білікті, білімді маман дайындап, сол өңірлерде қалдыру. Кім біледі? Осы бүгінгі сайысқа түсіп жатқан студенттердің біреуі ертең өзінің үлкен кәсіпорнын ашар.

Айта кету қажет, болашақ мамандардың шеберліктері сыналатын  байқау WorldSkills халықаралық чемпионаты форматында өтуде.

Самат Қайырденұлы, тілші:

- Жалпы елімізде «Серпін» бағдарламасы 2014 жылдан бастап жүзеге асырыла бастады. Аталмыш жоба негізінде бүгінгі күні 15 мыңнан астам студент еліміздің түкпір-түкпірінде білім алуда. Ал оның 1 200-і Солтүстік Қазақстан облысында.

Авторлары: Самат Қайырденұлы, Төлеген Иманов, Дмитрий Рура

Хабар 24 телеарнасы