378,62 431.00 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


EXPO қалашығының туристік аймағы ашылды

  • 579
  • UPD: 09:49, 11.11.2017

ЕХРО көрмесі есігін қайтадан айқара ашты.

Қалашықтың туристік аумағы шағын жөндеуден өтіп, бүгіннен бастап келушілерді қарсы алуға дайын. Нысандарды қайта қолданысқа беру салтанатына қатысқан қала әкімі Әсет Исекешев ЕХРО-ға дейін шаһарда 2 мыңдай бейнебақылау камерасы орнатылғанын және соның арқасында қылмыс саны 20%-ға азайғанын алға тарты. Ал жыл соңына дейін тағы 13 мың камера қойылады. Жалпы, EXPO туристік нысандары бір жыл ішінде 12 миллионға жуық келушіні қабылдай алады. Бұған қоса алдағы жылы мұнда бірегей орталықтар ашылады. Оның ішінде «Астана» халықаралық қаржы орталығы, IT-стартаптардың технопаркі және арнайы білім беру орталығы да бар.

Ахметжан Есімов, «Астана ЕХРО-2017» ҰҚ басқармасының төрағасы: 

- Мұндай орталықтар қазірдің өзінде дамыған елдерде жұмыс істеп тұр. Орталық білім берудегі жаһандық үрдіске бағытталған. Бұл біздің өңірдегі осындай алғашқы нысан болады. Қазіргі уақытта оның тұжырымдамасы Назарбаев университетімен бірлесіп әзірленіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы