384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Самарқандта Орталық Азия елдері арасындағы байланысты дамыту жолдары талқыланды

  • 741
  • UPD: 10:23, 12.11.2017

Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан Орталық Азия елдері арасындағы мыңжылдық байланыс жаңа бағытта дамымақ.

Самарқандта өткен халықаралық конференцияда мемлекеттер арасындағы ықпалдастықты одан әрі дамыту жолдары талқыланды. Әлемнің бірнеше елінен келген сарапшылар 70-ке жуық баяндама жасады. Шығыс пен Батыс арасындағы көне бағыт ынтымақтастықты нығайтып қана қоймай экономикалық байланыстың артуына негіз болмақ.

Бұл жерде Қазақстанның орны бөлек. Өйткені өзгелерге  Еуразиялық одақ нарығына жол ашылады. Орталық Азия мемлекеттері арасындағы сауда айналымы қазір 20, кейбір елдерде 70 пайызға дейін артқан.

Конференция аясында бес елдің сыртқы істер министрлері 2018-2019 жылдарға арналған сыртқы саясат ведмостваларының өзара ынтымақтастық жөніндегі бағдарламасын қабылдады. Сондай-ақ «Орталық Азия – Еуропалық одақ» атты  диалогта  сарапшылар елдегі тыныштық пен тығыз қарым-қатынас бүкіл Еуразия құрлығының тұрақтылығына әсер ететінін атап өтті.

Жиын қорытындысы бойынша Коммюнике қабылданды.

Абдулазиз Камилов, Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі:

- Құжатта бүгінгі таңда Орталық Азия халқының көкейін күпті етіп жүрген маңызды мәселелер көрсетілген. Бұл – Орталық Азияның ғана емес, халықаралық қоғамдастықтардың  да ортақ мәселесі. Орталық Азия – бірегей ерекше аймақ. Оның құрамына көптеген елдің билік орталықтары кіреді. Сондықтан осы қаралған мәселелер мен көтерілген тың жобалар қабылданған бағдарлама аймақтардың ерекше жолмен  және жарқын болашағы үшін жасалған қадам деп сенемін. Біз бірлікте жұмылып ынтымақтасқанда ғана біздің өңірлерде  кездесетін түрлі кедерлігер мен қиындықтарды жеңеміз деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы