389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында «Браконьер» жедел алдын алу шарасы өтіп жатыр

  • 391
  • UPD: 09:31, 14.11.2017

Жеті тәуліктің ішінде табиғат заңдылықтарының бұзылуына байланысты 107 қылмыстық әрекет тіркелді.

Оның 57-сі аңшылыққа, 16-сы балық аулауға қатысты. Ал қалғаны – экологиялық тәртіп бұзушылық, яғни ағашты заңсыз кесу деректері. Осы шара аясында, бүгінге дейін 71 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Айдос Тезекбаев, облыстық ІІД жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы:

– Оларға Қылмыстық кодекстің 340, 335, 337-ші баптары бойынша, сонымен қатар 71 дерек бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, 500 мыңнан астам теңге көлемінде айыппұл салынды.

Хабар 24 телеарнасы