383,35 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің әскери теңіз күштерінде борышын өтеген 62 матрос үйлеріне қайтты

  • 466
  • UPD: 15:38, 14.11.2017

62 теңізшіні әскерилер Ақтау теңіз портынан Павлодар мен Қостанай облыстарына салтанатты түрде шығарып салды.

Олар – Қазақ флотында жедел қызмет бойынша әскери міндетін атқарған алғашқы матростар. Осыған дейін теңізшілер әскерге келісімшарт негізінде қабылданатын. Сайдың тасындай іріктелген жауынгерлер Каспийде бір жыл бойы жауынгерлік даярлықтан өтіп, әскери өмірге машықтанды.

Зәкір тастауды, зымыранды-артиллериялық кемелерден оқ атуды суда жүзуді меңгерді. Биыл ең қуатты құрылым әскери теңіз күштеріне тағы 70-ке жуық жас шақыртылмақ. 

Талғат Қожанов, аға матрос:

– «Экипаж – бір отбасы», – дейді. Командирлар, старшиналар бәрі көмектесіп, көп нәрсеге үйрендік. Көп қызықтар болды теңізде. Шынымды айтсам, қайтқым да келмейді үйге.

Тәттімбет Әбікеев, 21814 Әскери бөлімі командирінің орынбасары:

– Кемеде әскери борышын атқарған жігіттер нағыз отансүйгіштер десек болады. Себебі бізбен кемеде жүрген офицерлермен, старшиналармен бірге ыстығын да, суығын да бірге көріп, алыс-жақын жерлерге барып, теңізде солтүстіктен оңтүстікке өтіп дегендей, кейбір экипаждар Иран Ислам республикасына барып келді.

Хабар 24 телеарнасы