366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Азат Перуашев: Қазақстан нарығын көлеңкелі бизнестен қорғау қажет

  • 262
  • UPD: 20:47, 14.11.2017

Қазақстан нарығын көлеңкелі бизнестен қорғау керек.

Декларация толтырмай, жалған құжатпен тауар тасымалдайтын кәсіпкерлердің жолына тосқауыл қойылуы тиіс. Бұл әсіресе біздің ел арқылы жүк өткізетін қырғызстандық кәсіпкерлерге қатысты. «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев осылай дейді. Айта кетейік, Астанада бүгін кәсіпкерлер «Кедендік реттеу туралы» кодекске енгізілетін өзгерістерді талқылады. Заңнама Парламент Мәжілісінің қарауына ұсынылған. Ал ЕАЭО-ның кедендік кодексі келер жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Азат Перуашев, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы:

– Қырғызстан Қытайдың тауарларын рэкспорт қылып жіберіп отыр. Көлеңкелі бизнестің проблемалары да сол ғой. Төмен бағамен кеденнен өткізіп, бізге жіберіп отыр. Біз бұдан кедендік төлемдерді жинай алмай отырмыз. Оны әділетсіз бәсекелестік деп айтамыз. 

Хабар 24 телеарнасы