370,04 419.90 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Енді әрбір қазақстандықтың электронды денсаулық паспорты болады

  • 499
  • UPD: 21:52, 14.11.2017

Денсаулық сақтау жүйесін цифрландырудың 2017-2018 жылдарға арналған жол картасы әзірленді.

Жыл соңына дейін Бірыңғай интеграциялық платформаны пилоттық негізде енгізу көзделген. Оның аясында әрбір азаматтың жеке ұяшығы, яғни денсаулығының электронды паспорты болады. Сондай-ақ жекелеген қызметтердің жұмысы автоматтандырылады. Оның ішінде медициналық сақтандыру қоры, қоғамдық денсаулық сақтау мен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету салалары бар. Бұл жөнінде Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Үкімет отырысы барысында мәлімдеді.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі: 

Денсаулық сақтау министрлігі мен IBM компаниясының арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, оның шеңберінде Watson for oncology денсаулық сақтау саласына жасанды интеллектіні пилоттық енгізу жоспарланған. Қазіргі таңда жоғарыда аталған меморандум аясында пилоттық жобаны өткізу бойынша жол картасы әзірленіп жатыр.

Осы категория бойынша: « Атыраудағы шаруашылықта түйеқұс балапан басып шығарды Әлем саясаткерлері Астана процесін ерекше бағалады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы