389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлемдегі 70-ке жуық монета сарайының бірі Өскеменде орналасқан

  • 1164
  • UPD: 22:26, 15.11.2017

Еліміздің теңге сарайында бүгінде Түркіменстан мен Қырғыз елінің тиындары да шығарылады.

Жоғары техникалық әлеуетке ие мекемеде 300-ге тарта білікті маман жұмыс істейді. Сарайдың құрылу тарихы мен даму кезеңдеріне куә жандардың бірі – Төлеген Ибраев.  

Төлеген Ибраев, монета дайындау цехының басшысы:

– Алғашқы кезде қиын болғаны рас. Ештеңеге қарамай, күндіз-түн демей тыңбай еңбек еттік. Себебі бұл еліміздің абыройы еді. 1992 жылы қазақстандық теңге сарайында алғашқы сынақ монетасы шығарылды. Бұл біз үшін аяғымызға нық тұруға себепкер болған үлкен, тарихи сәт болатын. 

Міне сол уақыттан бері 25 жыл бойына егеменді елдің монеталары осы цехта шығарылады. Дәл қазір біз бен сіз 10 теңгенің дайындалу барысын көріп тұрмыз.

Мерей Мұратханқызы, тілші:

– Тиындардан бөлек Қазақстандағы монета сарайында арнайы өлшеуіш құймалар да шығарыла бастады. Әлемдегі жоғары өтілді инвестициялар құралы Қазақстанда сұранысқа ие. Бағалы алтын қорғаныш элементі де арнайы сапамен жасалған, бірегей.

Жоғары сапалы құймалар салмағы 10-нан 100 граммға дейін жетеді. Артық бөлігі егеліп, қайта өңдеуге жіберіледі. 

Гауһар Кәріпбаева, өндірістік-технологиялық бөлімінің инженері:

Алтынды баптау өте қиын. Біз бұл үшін арнайы аумақ бөлдік. Онда алтынның сапасына әсер ететін элементтерден тазартылады. Тіпті 49-дық өлшемнің сақталуын бақылайтын зертханамыз да бар.

Қазақстандық теңге сарайы сондай-ақ сирек, коллекциялық монета шығаруымен де ерекшеленеді. Олардың дені әлемнің назарын аудартып, айтулы додаларда үздік атанған.

Руслан Тахиров, сату жөніндегі бөлім басшысы:

Нумизматтар «Мың жылдық шекарасы» мен «Миллениум» сынды алтын монеталарға қатты қызығады. Нарықта жоғары сұранысқа ие.  Мысалы, «Мың жылдық шекарасы» 10 мың долларға тең. Ал екі келілік «Миллиениумның» Ұлттық банктегі бағасы бұған дейін 25 млн теңгеге жетті. 

Еліміздің ұлттық валютасының 25 жылдығына орай арнайы монета шығарылмақ.

Авторлары: Мерей Мұратханқызы, Аслан Төлепов

Хабар 24 телеарнасы