387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысында кальцийлендірілген сода өндіретін зауыт құрылысы басталады

  • 1018
  • UPD: 11:45, 16.11.2017

Әлем бойынша сұранысқа ие өнімді шығару, өңірдің экспорттық әлеуетін арттыра түсері анық.

Жобаны қазақ-қытай біріккен кәсіпорны жүзеге асыратыны «Байқоңыр инвест» 9-форумы барысында белгілі болды. Осыған дейін 8 рет ұйымдастырылған «Байқоңыр инвест» форумы аясында өңірге 100 млрд теңге шамасында қаржы құйылды. Оның ішінде шыны, цемент және ферроқорытпа зауыттары секілді ірі жобалар бар. Енді Аралдың табиғи кен байлығын ұқсатудағы ұтымды бастама еліміздегі алғашқы кальцийлендірілген сода өндірісі қолға алынды.

Арал ауданында ашылатын калцийлендірілген сода шығару зауыты жылына 300 тонна өнім өндіріп, 700 адамды жұмыспен қамтымақ. Тың жоба арқылы бұл өнімге деген импорттық тәуелділікті екі есеге дейін азайту көзделіп отыр.

Динг Чао Ран, «Қазақ-қытай» БК» АҚ басқарма төрағасы:

– Кәсіпорын құрылысын келесі жылы бастаймыз. Жоба құны – 87,5 млрд теңге. Оның 80 пайызын Қазақстанның Даму банкі, қалған 20 пайызын біріккен кәсіпорын қаржыландырады.

Келер жылы Шиелі ауданында жылына 1 миллион тонна тампонажды цемент шығаратын кәсіпорын алғашқы өнімін шығаруды жоспарлап отыр. Мемлекет тарапынан зауыт құрылысы үшін аумағы 46 гектарды қамтитын жер телімі берілген.

У Чжэньхуа, ЖШС директорының орынбасары:

– Қазірде тампонажды цемент мұнай-газ және уран өндірісінде көптеп қолданылады. Сондай-ақ құрылысқа қажетті екені анық. Жобаға 1,7 млрд доллар салып отырмыз. Бүгінгі форумға осы зауытқа керек жабдықтар, кен орнына қажетті техникалар жөнінде келіссөздер жүргізу үшін келдім.

«Халықаралық ынтымақтастықты дамыту» тақырыбындағы «ІХBaikonyr Invest» форумында 30-дан астам меморандумға қол қойылды. «Қазақстан-Ресей», «Қазақстан-Иран», «Қазақстан-Қытай» және «Қазақстан-Өзбекстан» елдерімен ынтымақтастыққа бағытталған секциялық жұмыстар өткізіледі. Форум аясында тәулігіне 7 тонна астық өңдейтін күріш зауыты іске қосылды. Кәсіпорында 100 адам жұмыс істейтін болады.

Инвест форум нәтижесімен сондай-ақ Қармақшы ауданында құрылысы жүріп жатқан құс зауытын ресейлік инвесторлар қажетті қондырғылармен жабдықтайтын болды. Сонымен қатар көршілес өзбек елінің кәсіпкерлерімен жоғары кернеулі сым, мраморлы тақта және агроөнімдер жеткізу туралы келісімдер жасалды.

Авторлары: Қамбар Бекенов, Әлхайдар Тұрлыханов, Руслан Айтмамбетов

Хабар 24 телеарнасы