385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да соңғы 2 айда 79 өрт оқиғасы тіркелген

  • 426
  • UPD: 11:43, 16.11.2017

Апат салдарынан 2 адам көз жұмды.

Жыл басынан бері өңірдің 8 тұрғыны тілсіз жаудың құрбаны болды. Иістен уланған 30 шақты адамға көмек көрсетілді. «Өкінішті оқиғалардың басты себебі адамдардың қауіпсіздік ережелеріне немқұрайлы қарауынан», дейді мамандар. Жалпы облыста жылыту маусымын талапқа сай өткеруге толық мүмкіндік бар. Облыс орталығына жылу жеткізетін кәсіпорынды жаңғырту жұмыстары қалыпты жүріп жатыр.

Мереке Жұмағалиев, облыстық ТЖД басқармасының бас маманы:

Негізгі өрттің орын алу себептері адам факторы болып табылады. Жылыту құрылғыларын дайындау, электр құралдарын пайдалану кезінде тұрғындар өрт қауіпсіздігін сақтамай жатады.

Нұрбану Сатыбалдиева, облыстық энергетика және ТКШ басқармасының бөлім басшысы:

– Әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер бүгінгі таңда толығымен жылумен жабдықталған. Облыс бойынша 1322 көп қабатты тұрғын үйлер жабдықталған. 2018 жылы осы «Жайықжылуқуат» АҚ-на қарасты 2-7 нөмірлі жылу магистралдарын қайта құрылымдау жұмыстары жоспарлануда.

Хабар 24 телеарнасы