389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында азық-түлік өндірісі 17 пайызға өсті

  • 563
  • UPD: 10:07, 16.11.2017
Ақмола облысында азық-түлік өндірісі 17 пайызға өсті

Ақмола облысында азық-түлік өндірісі биыл 17 пайызға өсті, оның ішінде күнбағыс майы 1,9 %, ет 35 %, шұжық өнімдері 24% мен ұн 22 % артты.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен облыстың өткен 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен өңірдегі мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуы туралы баспасөз конференциясында облыс әкімі Мәлік Мырзалин айтты.

Облыс әкімі өңірдің нақты даму ауқымын, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуы мен жеткен табыстар туралы баяндай келіп, ауыл шаруашылығы кооперативтерінің жұмысы жөнінде де тоқталды. Биыл облыста 35 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылып, құрылған кооперативтерге 9 мыңнан астам жеке қосалқы копперативтің басы біріктірілген.

«Мемлекет басшысының «Астана қаласының азық-түлік белдеуін одан әрі дамыту» тапсырмасына сәйкес, аймақ жақында облыста шығарылатын азық-түлік өнімдерін Астанада саудалайтын «AQMOL» сауда нүктелері желісін ашты», – деді Мәлік Кеңесбайұлы.

Облыстағы 10 ірі ауыл шаруашылығы тауар өндіруші компаниясы сауда брендіне біріктірілді. Олардың ішінде Агрофирма «Родина» ЖШС, «Ижевский» ӨК, «Астана Агро Продукт», «CAPITAL PROJECTS LTD», «Гормолзавод», «Айна сауда үйі» ЖШС және де басқа сүт, ет өнімдерін өндіретін кәсіпорындар Астана қаласында 3 нүктеде өз өнімдерін саудаламақ. Сонымен қатар Ақмола облысы 2018 жылға қарай көтерме-бөлшек сауда дүкендердің санын 10-ға дейін жеткізбекші.

Хабар 24 телеарнасы