384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәжіліс депутаттары кедендік және салықтық әкімшілендірудің ақпараттық жүйесін енгізумен танысты

  • 437
  • UPD: 11:41, 16.11.2017
Мәжіліс депутаттары кедендік және салықтық әкімшілендірудің ақпараттық жүйесін енгізумен танысты parlam.kz

Мәжіліс депутаттары Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің көшпелі отырысы аясында «Астана – кедендік рәсімдеу орталығы» кедендік бекетіне барды.

Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің өкілдері Н.Сабильянов, М.Қазбекова, М.Айсина және басқа да депутаттар «АСТАНА-1» кедендік және салықтық әкімшілендірудің ақпараттық жүйесін енгізу бойынша шаралармен танысты. Отырыс барысында халық қалаулылары 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап тауарларды кедендік ресімдеуді жеделдетуге, кедендік әкімшілікті жеңілдетуге және бизнестің әкімшілік кедергілерін азайтуға бағытталған «АСТАНА-1» кедендік және салықтық әкімшілендірудің ақпараттық жүйесі арқылы электронды декларацияны енгізуге дайын екендігін көрді. Сонымен қоса шара барысында Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Ғ.Әмрин аталған мәселелер бойынша кеңінен баяндады.

Ақпарат көзі: parlam.kz

Хабар 24 телеарнасы