366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандыда Қазақстанның арнайы экономикалық аймақтары таныстырылды

  • 327
  • UPD: 19:39, 17.11.2017

Халықаралық форумға ұлттық компания өкілдері, отандық кәсіпкерлермен қатар, шетелдік инвесторлар да қатысты.

Айта кету керек, қазіргі кезде елімізде 11 экономикалық аймақ бар. Соның ішінде Қарағандыдағы арнайы экономикалық аймақ металлургия және машина құрылысына мамандандырылған. Бүгінде «Сарыарқа» индустриалды аймағында отқа төзімді бұйымдар, шарлы крандар мен ескі көліктердің қалдықтарынан құрыштар өндіріледі. Болашақта бұл аймақта тағы 6 жобаны жүзеге асыру жоспарда бар.

Алмаз Айдаров, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары:

– Облысымыздағы экономикалық аймақта инвесторларға тиімді жағдайлар жасалған. Индустриялдық алаң шикізат алынатын орындарға жақын орналасқандығымен қоса, арзан электр қуатын алуға да мүмкіндік бар. Қазір біздің әр инвесторға 50 мегаватт көлемінде электр қуатын беруге қауқарымыз жетеді.

Мики Вадзима, Жапония делегациясының жетекшісі:

– Қазақстан мен Жапония арасындағы сауда инвестициясын 9 есеге арттырдық. Бұл – өте жақсы көрсеткіш. Дегенмен ірі инвестициялық жобаларды ұлғайту бағытында әлі де жұмыс жасау керек. Экология мен су технологияларын дамыту жолдарын қарастыратын инвестициялық жобаларды ұсынып отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы